Еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу

60
Еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу
Мақалада ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлер еңбегіне ақы төлеудің жоғары мөлшерін ұсыну кезінде әрбір жұмыс орнында кәсіптік тәуекел деңгейін есепке алатын жүйені әзірлеу мен енгізу қажеттігі негізделеді

Қазақстан Республикасында еңбек қызметі процесінде халық өмірінің  қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлер үшін қосымша еңбек демалысы (ҚР ЕК 89 бабының 1 тармағы), қысқартылған жұмыс уақыты (ҚР ЕК 69 бабының 2 тармағы), еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері (ҚР ЕК 105 бабының 1-3 тармақтары) мен сүт пен емдік-профилактикалық тағам беру (ҚР ЕК 182 бабы, 2 тармағының 4 тармақшасы) түрінде бірқатар кепілдіктер көзделген.

Мемлекет кепілдіктері

Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі уәкілетті органының соңғы бес жылдағы мәліметтеріне талдау жасау ақшалай мәнде (млрд теңге) ұсынылатын кепілдіктер көлемінің жыл сайын артып келе жатқандығын көрсетті.

Құрылымдық талдау жасау 2014 жылы ұсынылған кепілдіктердің түрлері бойынша  40 млрд-тан астам теңге еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері түрінде еңбектің зиянды және басқа да қолайсыз жағдайларымен қамтылған жұмыскерлерге төленгендігін көрсетті.

Еңбектің зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыскерлерге көзделген кепілдіктердің барлық түрлерінің арасында бұл санаттағы жұмыскерлердің денсаулығын жақсарту мен нығайтуға байланысты мүмкін болатын шығындарды өтемдеуге бағытталған, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері неғұрлым маңызды болып табылады.

Бұрынырақта Қазақстан Республикасында ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлерге еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарының негізінде ұсынылып келді. ЕАТС жыл сайын заңнамалық тәртіппен белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшерін арттырылатын салалық коэффициенттерге көбейту жолымен анықталды. 

АСК мөлшерлері 8 сала үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы  «Арттырылатын салалық коэффициенттерді бекіту туралы» № 548 қаулысымен бекітілді: тау-кен-металлургиялық салада – 1,8; машинажасау саласында ‒ 1,1-ден  1,3-ке дейін; көмір өнеркәсібінде ‒ 1,7-ден 4-ке дейін; химиялық өнеркәсіпте ‒ 1,5; мұнай-газ саласында ‒ 1,8; құрылыс саласында ‒ 1,5; электр энергетикасы саласында – 2,0; теміржол саласында ‒ 1,05-тен 1,25-ке дейін. Бұл ретте АСК ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған, бірінші разрядты жұмысшының айлық жалақысының ең төменгі мөлшерін есептеп шығару үшін ғана қолданылды.

ҚР ЕК 105 бабы, 3 тармағына сәйкес еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерінің  ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге ұсынылатындығын атап өтеміз.

Қалай басқа?

Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге байланысты ЕАТС белгілеу жойылды, АСК келісім негізінде қолданылады, ол үшжақты тәртіппен қызметтің тиісті саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің өкілдері мен кәсіптік одақтардың арасында арттырылатын коэффициенттер көрсетілумен жасалады.

Ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің қолданылатын іс-тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау Ресей Фелдерациясында және Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасындағыдай, кепілдіктердің аталған түрлері ұсынылатындығын көрсетті. Қазіргі уақытта бұл елдерде кепілдіктер ұсыну еңбек жағдайларының зияндылығы немесе қауіптілігінің белгіленген сыныбына байланысты жүзеге асырылады: Ресей Федерациясында ‒ еңбек жағдайларын арнайы бағалау (бұдан әрі – ЕЖАБ) нәтижелерінің, Беларусь  Республикасында ‒ жұмыс орындарын аттестаттау негізінде.

Мысалы, Ресей Федерациясында жұмыскерлерге еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерінің кезектілігі мен ұсыну талаптары РФ ЕК 147 бабында көзделген тәртіппен анықталады [6], еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері ЕЖАБ қорытындылары бойынша жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары зиянды (сыныптар  3.1, 3.2, 3.3, 3.4) немесе қауіпті (еңбек жағдайларының сыныбы -  4) болып танылған барлық жұмыскерлерге белгіленеді. ЕЖАБ нәтижелерінің негізінде ауыр жұмыстармен және еңбектің зиянды жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлерге тарифтік мөлшерлемеге (жалақыға) 4-тен  12 %-ға дейінгі қосымша ақы, ал еңбектің ерекше зиянды және қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлерге ‒ жалақының 16-дан   24 %-ына дейін қосымша ақы белгіленеді. Қосымша ақының нақты шамасын жұмыс беруші жұмыскерлердің өкілдік органының пікірін ескере отырып, белгілейді және ұжымдық және еңбек шарттары арқылы бекітеді [3].

Беларусь Республикасында еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері БР ЕК 62 бабына сәйкес белгіленеді. 2014 жылдан бастап еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыс үшін қосымша ақылардың мөлшерлері жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша, еңбек жағдайларының зияндылық сыныбы мен дәрежесіне қарай анықталады. Мысалы, еңбек жағдайларының сыныбы Так, если установлен класс условий труда 3.1 болып белгіленсе, онда жұмыскерлерге жұмыстың бір сағаты үшін қосымша ақының мөлшері белгіленген тарифтік мөлшерлеменің немесе тіркелген ақша шамасының   0,1 %-на, 3.2 сыныбы – 0,14 %-ына, 3.3 сыныбы – 0,2 %,  3.4 сыныбы – 0,25 %-ына тең болады, ал еңбектің қауіпті жағдайларындағы жұмысы үшін (4 сынып) қосымша ақы мөлшері   0,31 %-ды құрайды [4].

Осылайша, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында зиянды және қауіпті өндірістер жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін ұсынуда қолданылатын тәсілдер ұқсас, еңбек жағдайларының зияндылығы немесе қауіптілігінің белгіленген сыныбына байланысты болады және кәсіптік зияндылықтар мен қауіптіліктерді, кәсіптік тәуекелдерді зерделеуге негізделеді. Еңбекке ақы төлеу мөлшері арттыру коэффициенттерінің ең төменгі мөлшерлерімен, заңнамалық тәртіппен тіркеледі және еңбек жағдайларын арнайы бағалау (Ресей Федерациясында) және жұмыс орындарын аттестаттау (Беларусь Республикасы) нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.

Жүйесі қажет

 Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін ұсыну тәртібі заңнамалық тәртіппен арттырушы коэффициенттерінің ең төменгі мөлшерлері белгіленбестен, өндірістер, жұмыстар, жұмыскерлер кәсіптері мен лауазымдарының Тізімін, ауыр жұмыстар, еңбектің зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстар тізбесін қолдануға негізделген. Бұл ретте аттестаттау нәтижелерін, еңбектің нақты жағдайларын, кәсіптік тәуекелді есепке алу заңнамалық тәртіппен көзделмеген және нормативтік талаптармен бекітілмеген.

Сондықтан Қазақстанда ауыр, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін ұсыну кезінде әрбір жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекел деңгейін есепке алатын жүйені әзірлеу және енгізу қажет.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль