Басты назарда қауіпті кәсіп: коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызметкерлері

62
Басты назарда қауіпті кәсіп: коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының  қызметкерлері
Мақалада өндірістік жарақаттанушылыққа арналған «Басты назарда қауіпті кәсіп» айдарының жалғасы берілген, коммуналдық қызметтер қызметкерлерінің арасында топтық жазатайым оқиғалар санының артуы проблемасы қарастырылады.

 2015 жылы Қазақстан Республикасында  113 топтық жазатайым оқиғалар болып өтті, олардан 228 адам зардап шегіп, 56 адам қайтыс болды. Орташа алғанда елде бір жазатайым оқиғаның салдарынан екі жұмыскердің денсаулығына залал келтіріледі, әрбір төртінші жұмыскер қайтыс болады.

Топтық жазатайым оқиғалар экономиканың барлық салаларындағы мамандандырылған, тіпті қызмет ерекшелігі жарақат қауіптіге жатпайтын және денсаулыққа залал келтіру тәуекелі шамалы кәсіпорындардың өзінде де болып өтеді.

Бұларға арналық кәріз желілері мен су құбырларына қызмет көрсету, жөндеу мен салуды жүзеге асыратын коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын да жатқызуға болады.

Бұл кәсіпорындар жұмыскерлерінің арасындағы жазатайым оқиғалардың, оның ішінде топтық жазатайым оқиғалардың негізгі себебі ретінде арналық кәрізжүйесі газдарымен улану аталады, ол газдардың неғұрлым қауіптісі күкіртсутек болып табылады.

 Р 2.2.755-99 «Өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын жіктеу және бағалаудың гигиеналық критерийлері» басшылығына сәйкес күкіртсутек (гидросульфид) жіті уланудың дамуына септігін тигізетін тітіркендіру әрекетінің жіті бағытталған тетігі бар қауіпті заттарға жатады. Күкірсутекке формальдегид, азот диоксиді мен хлор сияқты заттармен қатар, қауіптіліктің екінші сыныбы берілген.

Күкіртсутек  – бұл жүйке жүйесіне тікелей әсер ететін уытты газ. Күкіртсутектің иіс сезу жүйкесін мұқалтатыны ерекше қауіпті, осыдан келіп адам күкіртсутекте сипатты «шіріген жұмыртқа» иісінің бар болғандығына қарамастан, өзін қоршаған улы буларды ажыратудан қалады. Уыттанушылық кенеттен болуы мүмкін.

Бұл газдың ауадағы өлімге ұшырататын мөлшері өте аз – бар-жоғы 0,1 %. Күкіртсутектің мұндай мөлшері 10 минуттың ішінде өліммен аяқталатын оқиғаға әкелуі мүмкін.

Күкіртсутекпен күшті уланудың неғұрлым көзге түсер белгілеріне: өкпенің ісінуі, дірілдеп-қалшылдаулар, жүйкелердің салдануы, бұдан кейінгі кома жатады. Егерде атмосферадағы күкіртсутек мөлшері аз мөлшерде болса (0,02 %-дан бастап), онда оның симптомдары аса қауіпті емес, бірақ өте жағымсыз болады: бастың айналуы мен ауыруы, жүрек айну.

Оның жоғары мөлшерлерінде күкіртсутек иісінің қабылданбайтындығы мен бұл газдың нейроуыттылығы зардап шегушілердің кенеттен ақыл-есінен айырылуының себептері болып табылады. Қанда жақсы еритіндігінің арқасында токсиканттың жоғары мөлшеріне жылдам қол жеткізіледі.

Жұмыс аймағының ауасы үшін күкіртсутектің шекті жол берілетін мөлшері 10 мг/м3-ты құрайды.  Зиянды заттардың мөлшеріне тұрақты бақылау жүзеге асырылатын өндірістік кәсіпорындар мен мұнай ұңғымаларынан ерекшелігі арналық кәріз және су құбыры желілері коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін уақытша жұмыс орындары болып табылады, сондықтан олар еңбек жағдайлары бойынша аттестатталуға жатпайды және ауада зиянды заттардың бар екендігі нысанында бақыланбайды.

Арналық кәріз желілеріндегі күкіртсутек құрамында күкірт бар органикалық заттардың шіруі нәтижесінде түзіледі.

Подробнее читайте: http://ekz-otruda.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль