Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудан үнемдеудің салдары

54
Конисов Ж. А.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», менеджер департамента внутреннего контроля, безопасности, охраны труда и экологии
Мақалада өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы шығындарды барынша азайту жасырын және айқын сипаты бар қандай нақты шығындарға әкелуі мүмкін екендігі туралы әңгімеленеді. Қаржыларды мұндай үнемдеудің түпкі қорытындыда қандай мүшкіл салдарларға әкелуінің іс-тәжірибелік мысалдары келтіріледі.

Дүнинжүзілік экономикалық дағдарыс іс жүзінде өндірістік қызметтің барлық салаларына, оның ішінде өнеркәсіпке айтарлықтай ықпал етті. Ұлттық валютаның әлсіреуі мен энергия тасымалдауыштарға деген бағалардың құлауы өндірістік объектілер қожайындарын өз қаржыларын үнемдеуге мәжбүр етуге әкелді.

   Көптеген кәсіпкерлерге үнемдеудің неғұрлым қарапайым тәсілі жұмыс орындарын қысқарту, өндіріс шығындарын азайту мен өндірістік қызметпен тікелей байланысты емес салаларға кететін шығындарды барынша азайту болып көрінеді.

   Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері көзделген. Кәсіпорындардың қожайындары оңтайландыру процесінде өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйін жақсартуға бағытталған шығындарды қысқартудың қабылдауға болатын-болмайтындығы туралы мәселеге кез болады.

    Жұмыс орындарындағы тәуекелдерді бағалау мен еңбек жағдайларының жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларда сақтандырушы сипат болуы тиіс. Әдетте, авариялардың, жазатайым оқиғалардың салдарларын жою мен залалдың орнын толтыру бойынша өтемақылар төлеуге кететін, жауап әрекет сипатындағы шығындар бұл жарақаттардан, авриялардан және т.б. сақтандыру мен профилактикасына кететін мүмкін болатын шығындардан ондаған есе асып түсуі мүмкін.   

   Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мәліметтеріне сәйкес, өлшеуге көнбейтін әлеуметтік және адам шығындарынан бөлек, орын алған экономикалық жоғалтулар жалпы ұлттық табыстың 3 %-ға жуығын құрайды және  егер ақшалай өтемақылар төлеуді, жоғалтылған жұмыс уақытын, өндірістің тұрып қалуларға мәжбүр болуын, оқытуға (қайта оқытуға) және медициналық қызметтер көрсетуге кететін шығындарды ескеретін болсақ, онда бұл шама бұдан да анағүрлым асып түскен болар еді.

   Жазатайым оқиғалардан болатын іс жүзіндегі шығындар көпшілік жұмыс берушілер ойлағандағыдан анағұрлым көп болады. Келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша жауапкершілікті үшінші тарапқа аудару – бұл тәуекелдерді басқарудағы неғұрлым жиі пайдаланылатын тәсіл, бұл кезде сақтандыру компаниясы жұмыс берушінің жауапкершілігін өзіне алады. Алайда сақтандыру өндірістегі жазатайым оқиғадан немесе кәсіптік аурудан болатын барлық шығындарды жаппайды, ал бұл шығындардың салдарлары кәсіпорын үшін өте санқилы болуы мүмкін.

Жасырын сипаты бар шығындар

  Әдетте, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға бағытталған шығындар өнімнің қорытынды өзіндік құнынан оңай танып-білінеді және есептеледі. Алайда авариялар мен жазатайым оқиғалардан болатын шығындарды есептеу оңай емес, өйткені бұл шығындардың бір бөлігі пайдаланушылық шығындармен араласып кетеді, оның үстіне олар тікелей және жанама, сақтандырылған және сақтандырылмаған шығындардан құралады.

 Көптеген жұмыс берушілер шығындардың көпшілік бөлігі сақтандырумен жабылады деп есептейді.  Нақты өмірде сақтандыру компаниялары сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір нақты жағдайда анықталған шығындардан көп болған жағдайда ғана, өте айтарлықтай жарақаттар мен материалдық залалдан болатын шығындарды төлеуі мүмкін.

Толығырақ оқыңыз: http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль