Міндетті сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалар

544
Кез-келген жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға – байланысты төтенше жағдай тәуекелі бар қаржы шығындарды тексеру және сот талқылауы.

Жұмыс беруші қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге және қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды ҚР ЕК және ҚР заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті (ҚР ЕК 23-бабының 2-тармағы).

Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі-жұмыс берушінің

Кез келген жұмыс беруші үшін өндірістегі жазатайым оқиға – әрқашанда күтпеген қаржылық шығындар, бақылаушы мемлекеттік органдар тарабынан тексерулер мен мүмкін болатын соттың істі қарау тәуекелімен байланысты нағыз төтенше жағдаят.
Мұның бәрі кәсіпорын жұмысының әдеттегі ырғағының бұзылуына қабілетті, және де дайын өнімді өткізудегі іркіліске, тұрақты клиенттерден айырылуға және т. б. әкеп соғуы мүмкін.
2005.01.07 бастап «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде
оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005.02.05 № 30-ІІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілді. 2009.30.12 № 234-IV Заңмен жоғарыда көрсетілген Заңға өзгертулер енгізілді, осыған байланысты оның аталуы да өзгерді – «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру туралы» ҚР Заңы.
Осы Заңның 6-бабына сәйкес қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi
принциптерi:

– қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша
тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
– жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi
болып табылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру сақтанушы мен
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңы мен ҚР ЕК-не сәйкес аннуитетті сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түріне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушының арасында еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін қызметкердің пайдасына жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасау үшін
негіздеме сақтанушының өтініші болып табылады.
Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды (2-баптың 2-тармағы). Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты сақтандырушымен заңды тұлға және дара кәсіпкер мемлекеттік тіркелген кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жасалады (8-бап, 2-тармақшаның 1-1) тармақшасы).
5-бапқа сәйкес қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру
субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады, ал объектiсi – зардап шеккен қызметкердiң кiнәсi болған не болмаған кезде, оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;
4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;
5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерiн;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен
мерзiмдерiн;
7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;
8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртібін;
9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;
10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс.
Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн
(11-баптың 6-тармағы).
12-бапқа сәйкес қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру
шартында белгiленген күннен бастап қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
Шарт, жұмыс берушiнiң қызметi он екі айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кездегі жағдайды қоспағанда, күшiне енгiзiлген күннен бастап 12 ай мерзiмге жасалады.
Шарт сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы
сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.
13-бап бойынша қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
– шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;
– шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
– сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге
асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының
тоқтатылуы сақтандырушыны шарттың қолданылу кезеңiнде болған кейiннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі мiндеттерден босатпайды.
Зардап шегушi қызметкерге кәсiптiк ауруының табылуы салдарынан кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда, сақтандыру төлемiн кәсiптiк ауру белгiлi болған мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Егер қызметкердің өмірі мен денсаулығына оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге немесе оның өліміне әкелген жазатайым оқиға нәтижесінде зиян келтірілсе, зардап шеккен қызметкердің кінәсі болған немесе болмаған кезде залалдың орны ҚР АК талаптарына сәйкес толтырылады.
ҚР ЕК 323-бабы, 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші
өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.03. № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығын қараңыз) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына дереу хабарлайды.

Сақтандыру жағдайы

– қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын
өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға).
Жағдаятты қарастырамыз. Кәсіпорында иқызметкер өндірістік жарақат алған жазатайым оқиға болды. Кәсіпорын қызметкерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды өз уақытында жүзеге асырды, шарттық қатынастар жасалған сақтандыру компаниясына хабарлады. Бұл жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру өз уақытында өткізілді және оның өндіріспен байланысы анықталды. Сақтандыру
компаниясы зардап шеккен қызметкерге келтірілген залалды толық жабатын сома төледі. Нәтижесінде жұмыс беруші мемлекеттік органдар тарапынан болатын жағымсыз тексерулерден құтылып қана қоймай, күтпеген қаржылық шығындарға да ұшыраған жоқ. Сақтандырудың бұл түрі жұмыс беруші мен қызметкердің арасында туындауы мүмкін қақтығыстық жағдаяттарды болдырмауға мүмкіндік береді және
жұмыс берушінің өндірісте зардап шеккен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу міндетімен байланысты мүліктік мүдделерін де қорғайды.

Құқық пайда

Пайда алушы болып табылатын зардап шеккен қызметкердің немесе
қызметкер қайтыс болған жағдайда оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлғаның «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес:
1) осы Заңда және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптарынаен сақтандыру төлемдерiн алуға;
2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкердi жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға;
3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмге уәкiлеттi
органға немесе сотқа шағымдануға;
4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;
5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер
өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы
бар.
Сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген
жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
Егер қызметкердің өмірі мен денсаулығына оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге немесе оның өліміне әкелген жазатайым оқиға нәтижесінде зиян келтірілсе, онда зардап шеккен қызметкердің кінәсі болған немесе болмаған кезде залалдың орны толтырылады.
Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян, қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылуына байланысты зиянды қоспағанда, оның өліміне немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық мәнін қамтиды.
Өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерде және жазатайым оқиға нәтижесінде қаза тапқан қызметкердің отбасы мүшелерінде моральдық зиянды өтету құқығы бар.
Сақтандырудың бұл түріне мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін
қоспағанда, қызметкерлердің барлық санаттары жатады.

Моральдық зиянды өтету құқығы

Олардың әрқайсысына сақтандыру төлемін есептеу үшін өзінше белгілі бір тариф белгіленетін қызметкерлер санаттары мынаған бөлінеді:
- әкімшілік-басқару персоналы – бұл басқару аппаратының қызметкерлері,
ұйым әкімшілігіне кіретін және ұйымды басқару функцияларын жүзеге асыратын қызметшілер (директор, директордың орынбасары, бас бухгалтер);
- өндірістік – негізгі немесе жанама өнімдер мен көрсетілетін қызметтер
өндірісімен тікелей қамтылған қызметкерлер (монтаждаушы, сілесір,
пісіруші);
- көмекші персонал – негізгі немесе жанама өндіріске қызмет көрсетумен
және ұйымдардағы қызметтің негізгі және екіншілік (негізгі емес) түрлерін
жүргізу жағдайларымен қамтамасыз ететін (жүргізуші, күзетші, техникалық персонал) шаруашылықтармен қамтылған қызметкерлер.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиіс.

Сақтандыру сыйлықақысы

Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу
қоры өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейінгі қалған мерзім негізге алына отырып
есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.

Аннуитеттік төлемдерді есептеу тәртібі

Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiнiң белгiленуiне байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi ҚР АК талаптарына сәйкес айқындалады.
«Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап
жетi жұмыс күнi iшiнде ҚР АК-не сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.

Шығыстар, сақтандыру төлемін аударуға байланысты

Қызметкердiң бір жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк
еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне теңдей мерзiм iшiнде қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi ҚР АК-нде белгiленген мерзiм iшiнде ҚР заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдер есебiнiң тәртібі ҚР Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегушi қызметкермен не ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
«Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңының 19-бабы, 2- тармағына сәйкес, қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:
- кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 5-тен қоса алғанда 29%
дейiн болып белгiленген кезде – 500;
-  30-дан қоса алғанда 59% дейiн – 1000;
- 60-тан қоса алғанда 89% дейiн – 1500;
- 90-нан қоса алғанда 100% дейiн – 2000.
Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды
өтеу жөніндегі сақтандыру төлемiн жәбірленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап 7 жұмыс күнi iшiнде бір мезгiлде жүргiзедi.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі
сақтандыру төлемi кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн ұзарту (қайта куәландыру) кезiнде жүзеге асырылмайды.
Осындай жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге
асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.
Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының
есебiнен жүргiзiледi.
«Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатай-
ым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес, сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн – қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетiп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда:
- сақтандыру шартының көшiрмесi;
- жазатайым оқиға туралы акт;
- салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе жәбірленушi қызметкердiң жеке
сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айры-
луды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
- кәсiптiк аурудың болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
- жұмыс берушi куәландырған, жәбірленушi қызметкер жұмыс iстеген,
бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растай-
тын құжаттың көшiрмесi;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
- сақтандыру шартының көшiрмесi;
- жазатайым оқиға туралы акт;
- қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариаттық
куәландырылған көшiрмесi;
- қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге
құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
- пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
- салық төлеушiнiң тiҚРеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке
сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
- жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкер жұмыс iстеген,
бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растай-
тын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа
құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бір данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға Заңда көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе
нотариаттық куәландырылған сенімхаты бойынша денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға тiкелей төленуi мүмкiн.
Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан
оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль