Кәсіптер бойынша қауіптіліктердің халықаралық ақпараттық парақтары

62
Кәсіптер бойынша қауіптіліктердің халықаралық ақпараттық парақтары
Халықаралық ақпараттық парақтары нақты кәсіптерге қатысты қауіптіліктер, тәуекелдер мен оларды болғызбау жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтиды.

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ӨНІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСАҚТАҒЫШТАРДЫҢ/ДИІРМЕНДЕРДІҢ ОПЕРАТОРЫ

Азық-түліктік өнімдерге арналған ұсақтағыштардың/диірмендердің операторы дегеніміз кім?

Азық-түліктік өнімдерге арналған ұсақтағыштардың/диірмендердің операторы – бұл әртүрлі азық-түліктік өнімдердің (астық, кофе дәндерін, түйіршіктелген қанттың және т.б.) тартылуын қамтамасыз ететін диірмендерге немесе осыған ұқсас машиналарға қызмет көрсететін қызметкер.

Бұл жұмыста не нәрсе қауіпті?

• Тартылуы жүргізілетін жекелеген заттардың бөлшектері тітіркенуді, аллергияны және денсаулықтың басқа да проблемаларын туындатуы мүмкін.

• Ауада тарту кезінде түзілетін шаңның болуы жарылыс қаупін туындатады.

• Ұсақтағыштар/диірмендер операторының жұмысы көбінесе ауырлықтарды көтерумен (мысалы, тартуға арналған шикізаты бар қаптарды) және қайталанатын қозғалыстармен байланысты. Бұл кейіннен арқа мен қолдардағы ауырсынуларға әкеп исоғуы мүмкін.

Кәсіптік қауіптіліктер

  • Қызметкер басқыштарды дұрыс пайдаланбаған, ылғал және тайғанақ еденнен, қорғалмаған мінбесатылардан және т.б. ауыр жүктерді тасымалдау кезінде құлауы мүмкін.
  • Тасымалдау кезінде дәмдеуіштер, кофе мен қанты бар қаптардың құлауы. Ауыр қаптар мен контейнерлерді көтеру/тасымалдау кезінде ауыр жүктемелер салдарынан сүйек-бұлшықеттік жүйенің зақымданулары.
  • Ұсақтау, тарту үдерісінде пайдаланылатын механикалық жабдықта және конвейердегі жұмыс кезінде механикалық және электрлік зақымданулар.
  • Ақаулы электр аспабымен, әсіресе тасымал және жылжымалы жабдықпен жанасудан және оны орнатудан туындайтын  электрлік соққы.
  • Көздердің ауада болатын қабық, шаң, кофе мен дәмдеуіштерден алынып тасталатын басқа да ластанулардан туындайтын зақымданулары.

Жазатайым оқиғалар мен жарақаттар:

  • Дәмдеуіштер мен басқа шикізаттан тұтанатын шаңның салдарынан жарылыс қауіптілігі.
  • Шудың, әсіресе ұсақтау мен тарту үдерістері кезіндегі шудың жоғары деңгейі.

Физикалық тәуекел:

  • Дәмдеуіштердің өлшенген бөлшектерінің әсері, олар аллергия, қышыну мен әртүрлі терілік жұқпалар (дерматит және есекжем); көздердің шырышты қабықшасының қабынуын, созылмалы конъюнктивит пен ринит, тыныс алу жолдарының аурулары (әсіресе созылмалы демікпе мен созылмалы  бронхит) мен ас қорыту мүшелерінің ауруларын туындатуы мүмкін (1қосымша).
  • Қант шаңының тісжегі туындатуы мүмкін әсер етуі.

Химиялық тәуекел:

  • Афлатоксиндердің әлеуетті даму әсерлері (2 қосымша).

Биологиялық тәуекел:

  • Микроағзалардың, споралар, зеңдердің әралуан түрлері мен олар бөліп шығаратын уыттардың әсер етуі (3 қосымша).
  • Үздіксіз қайталанатын қозғалыстардың немесе шамадан тыс жүктемелердің нәтижесі ретіндегі қауырттылыққа (RSI) байланысты қайталанатын зақымданулар.
  • Қаптар мен ауыр жүктерді көтеру және тасымалдау кезінде аса қауырттылық пен бұрыс жағдайдың (кейіптің) нәтижесі ретіндегі арқадағы ауырсынулар мен сүйек-бұлшықет жүйесінің басқа да аурулары.
  • Белгілі бір иістерге өзіндік оңды немесе кері сезімталдықтың  және/немесе белгілі бір дәмдеуіштерге бейімдіктің немесе жиіркенудің даму мүмкіндігі.

Эргономикалық, психологиялық-әлеуметтік және ұйымдастырушылық  факторлар:

  • Оның бірсарындылығы мен бірдейлігінен жұмысқа қанағаттанбаудың, төменгі жалақының, персоналмен – әріптестерімен және басшылармен және т.б. қарым-қатынастардағы проблемалардың салдарынан психологиялық торығулар.

Болғызбау жөніндегі іс-шаралар

1. Онымен көтерілудің алдында басқышты тексеріңіздер. Селкілдек басқышпен немесе тайғанақ баспалдақтары бар басқышпен көтерілмеңіздер.

2. Тайғанамайтын табандары бар сенімді аяқ киім киіңіздер.

3. Ауыр және рабайсыз жүктерді қауіпсіз көтеру мен тасымалдау әдістерін зерделеңіздер және қолданыңыздар.

4. Қорғаныс көзілдіріктерін киіңіздер, еңбекті қорғау жөніндегі инспектордан немесе өнім берушіден кеңестер алыңыздар.

5. Шу деңгейі мен үлгісіне сәйкес қорғаныстық құлаққаптар киіңіздер – еңбекті қорғ,ау жөніндегі инспектордан немесе өнім берушіден кеңес алыңыздар.

6. Шаң мен аэрозольмен тыныс алудан қорғану үшін тұмылдырық киіңіздер.

Синонимдері: кофе диірменінің операторы, түйіршіктер өндіруге арналған машинаның операторы, ұсақтағыш пен диірменнің операторы, ұсақтағыш пен диірмен жұмысшы/операторы, жаңғақтарға арналған диірменнің операторы, дәмдеуіштерге арналған диірменнің операторы, қантқа арналған диірменнің операторы.

Анықтамасы және/немесе сипаттамасы: қатты немесе құрғақ сусымалы астықтық өнімдерді оларды қаптамалауға дейін өңдейтін диірмендерге қызмет көрсетеді; диірменді іске қосады және астықты диірмен тастарының арасына төгу үшін төгу құйғысындағы жіберу тесігінің есікшесін ашады; тартылған астықтың бір шөкімін астық тартудың ұсақтығын белгіленген өлшемге дейін анықтау үшін елгезерлер қатары арқылы елейді; реттегіштердің орнын ауыстырады, еленген үлгімен өлшемі бойынша салыстырылатын, тартуды қамтамасыз ететін диірмен тастарының арасындағы саңылауды белгілейді; қоқымданған немесе тозған елгезерлерді тазартады және алмастырады. Жануарларға арналған азықтарды тартатын диірмендерге қызмет көрсетеді; диірменге келіп түсетін материалдар ағынын реттеу мақсатымен азықтарға арналған іске қосу есікшелерінің клапандарын бұрады; диірменді іске қосады және тартудың қаланған сапасын қамтамасыз ету мақсатымен тастардың арасындағы арақашықтықты реттеу үшін сермерді бұрады; тартудың майдалығына көз жеткізу үшін өнім үлгілерін тексереді. Кофе дәндерін талап етілетін өлшемге дейін тартуға арналған машиналарға қызмет көрсетеді; тұтқалармен басқарады немесе кофеге арналған диірменге келетін кофе дәндері ағынын реттеуге бақылау жасауды қамтамасыз етеді; диірмен тастарын реттеу үшін дөңгелек межеліктерді немесе тұтқаларды бұрады және машинаны іске қосады; тартылған кофе шанаптарға сақтауға келіп түсетін конвейерлерді басқаруы мүмкін. Дәмдеуіштерді тартуға арналған машиналарға қызмет көрсетеді; диірменді дәмдеуіштермен толтыруға арналған жинақтаушы құйғыны ашады; дәмдеуіштерді беруді реттеуге арналған тұтқаның орнын ауыстырады және контейнерлерді елеу үшін елгезердің немесе шығару тұмсықшасының астына қояды; тартылған дәмдеуіштерді тартудың тығыздығы бойынша тексереді; тастарды, елгезер мен машинаның басқа да бөлшектерін тазартады және алмастырады. Құмшекерді қант опасы етіп тартуды қамтамасыз ететін машиналарға қызмет көрсетеді; диірмен тастары арасындағы саңылауды реттеу үшін сермерді бұрады немесе машина атанағына белгіленген майдалықтағы тартуды алу үшін тор орналастырады; машинаны іске қосады және құмшекерді (түйіршікті) құйғыға салады; қантты белгіленген майдалық (опа) дәрежесіне дейін тарту мен түсіру үдерісін бақылайды, қантты аспалы жеңқұбыр арқылы қаптарға салады; қаптарды түпқоймаға тасымалдайды және оларды бос қаптармен алмастырады (DOT-қа сәйкес).

Туыстас және неғұрлым тар шеңберлі кәсіптер: пнаубайшы; наубайшының көмекшісі; наубайхана қызметкері; кондитер, ащы дәмдеуіш жасаушы; даршын жасаушы; кофе жасаушы; кофенің дәмін татып көруші; конвейер жұмысшысы; бәліштер дайындаушы; дәмдеуіштерге арналған қоспаларды дайындаушы; дәмдеуіштерге арналған диірмендердің операторы, балғалық ұсақтағыш операторы.

Орындалатын операциялар: реттеу, қабылдау, қоспа әзірлеу, қылшақпен тазарту, тазарту, салыстыру, бақылау, ұсақтау, тиеу, бөлу, босату, тексеру, жүк түсіру.

Пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар: таразылар, шанаптар (ағаш жәшіктер), араластырғыштар, кофе дәндеріне арналған қсақтағыштар, кофе қоспасын дайындауға арналған машиналар, кофені тазартуға арналған машиналар, конвейерлер, ұсақтауға арналған диірмен тастары, балғалық диірмендер, тұтқалар, миксерлер, опа дайындауға арналған диірмендер, ростерлер, тастары бар диірмендер, жібек қолғаптар, сымдық елеуіштер.

Бұл кәсіп таралған салалар: жануарларға арналған азықтар өндіру өнеркәсібі; нан пісіру өнеркәсібі; кафетерийлер; қалбырлық өнеркәсіп; азық-түлік өнеркәсібі; шоколад өндірісі; кондитерлік өнеркәсіп; ұн тарту өнеркәсібі; қамыр өндірісі, дәмдеуіштер мен шардәрілер  шығару өнеркәсібі.

Ескертулер:

1. Дәмдеуіштерді тарту кезінде майлардың булануы болып өтеді, осыдан келіп ерекшелік иіс жоғалады. Осының нәтижесінде жұмысшылар ауада өзінің тітіркендіру қасиеттерін сақтайтын дәмдеуіштер бөлшектерінің бар екендігіне  сенімді бола алмайды.

2. Афлатоксиндер (олардың кейбіреулері канцерогендер болып табылады) астықта, дәмдеуіштер мен жаңғақтарда дамуы, сондай-ақ тарту кезінде зақымданбаған күйінде қалып қоюлары мүмкін.

3. Дәмдеуіштерге арналған шикізатта қалып қойған өңез ұсақталады және өнеркәсіптік қайта өңдеу барысында споралары ауаға қосылып, ауыздың шырышты қабықшасына әсер етуі мүмкін болатындай болып тартылады. Тістерімен проблемалары бар жұмысшылар peniccilium glaucum, aspergilius niger және т.б. сияқты  бактериялардан туындайтын ауыздың шырышты қабықшасының микозынан зардап шегулері мүмкін.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль