Кәсіптер бойынша қауіптіліктердің халықаралық ақпараттық парақтары

68
Халықаралық ақпараттық парақтары нақты кәсіптерге қатысты қауіптіліктер, тәуекелдер мен оларды болғызбау жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтиды.

Қазандықтың операторы

Қазандықтың операторы дегеніміз кім?

Бұл ғимараттар немесе өнеркәсіптік өндірістер үшін жылу немесе энергияны қамтамасыз ететін буды алуға арналған, автоматты тұтатылатын қазандарды басқаратын қызметкер.

Бұл жұмыста не нәрсе қауіпті?

• Қазандар жоғары температура мен жоғары қысыммен жұмыс істейді, бұл операторларды күйіп қалулар мен жарылыстар қауіптілігіне ұшыратады.

• Қазандарда пайдаланылатын жанар майдың жануы өрттерге, көмірқышқыл газымен улануға және т.б. әкелуі мүмкін.

• Қазандықтардың операторлары қазандарда пайдаланылатын әртүрлі заттармен (жанар май, су қоспалары және т.б.) жанасады, бұл көздер мен терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

• Қазандықтардың операторлары  шулы, ыстық және ылғалды ортада жұмыс істейді, бұл шаршаушылық пен өзін-өзі сезінудің жалпы нашарлауын туындатуы мүмкін.

Кәсіптік қауіптіліктер

  • Басқыштардан, үзеңгілер мен көтеріңкі платформалардан құлап түсулер.
  • Тегіс беттерден, әсіресе судан, мвайдан, жанар майдан және т.б. тайғанақ болған беттерден тайып кетулер мен құлаулар.
  • Құлаған заттардың соққылары.
  • Көмір қазандарында бүріккішпен жұмыс істеу мен от жағу кезіндегі механикалық оқиғалар.
  • Ыстық беттерден, ыстық су мен шыққан будан күйіп қалулар.
  • Токтың соғуы немесе электрден есеңгіреу.
  • Әсіресе желдетуде ақаулық  болған немесе жанарғыларды ауамен жеткіліксіз жабдықтау жағдайында көмірқышқыл газымен немесе ауа құрамындағы басқа да жану өнімдерімен улану (көмірқышқыл газымен жіті улану бастың ауыруын, бас айналуын, жүрек айнуды, естен тануды, кейбіреуге өлім туындатуы мүмкін).
  • Құрамында оттек аз ауамен дем алудан тұншығу.
  • Гидразин мен оның туындыларының шашырандылары теріде өтпелі күйіктер мен жіті дерматит туындатуы мүмкін.
  • Ион айырбастау бағандарын қайта өндіруде, таттар мен қабыршақтарды, гидразин мен оның туындыларын алу кезінде пайдаланылатын химикаттардың көздерге түсуі көздердің мүйізгек қабықшасының үдемелі зақымдануын туындатуы мүмкін.
  • Кесіп алулар мен ампутациялар.
  • Жанар май мен жанар май сіңген шүберектерден (әсіресе жанар майдың жылыстаулары кезінде) өрттер мен жарылыстар; күйенің жануы; қазандағы газ-ауа қоспасының жарылыстары.

Жазатайым оқиғалар мен жарақаттар:

  • Қазандардың мүмкін болатын өрттері және жарылыс толқынынан, ұшқан сынықтардан, оттан, будан, артық шудан және т.б. жарақаттанулар болатын жарылулары (қатты қызу, жоғары қысым, металдың тозуынан құрылымдық құрамдастардың сынуы және т.б. нәтижесінде).
  • Шудың -  94 децибелге дейінгі тұрақты, шамадан тыс жоғары деңгейі.
  • Жоғары температура мен салыстырмалы ылғалдылық кезінде  ұзақ жұмыс істеуден туындайтын жылулық соққы.

Физикалық тәуекел:

  • Радонмен мүмкін болатын жанасу (3 қосымша).
  • Қазандардағы суға қосымшалар ретінде пайдаланылатын гидразин мен оның туындыларымен жанасу нәтижесінде көздердің, тыныс алу жолдары мен терінің тітіркенуі; ұзаққа созылған жанасу уақытша соқырлық туындатуы мүмкін.
  • Әсіресе құрамында күкірті көп жанар майды жағу кезінде күкірттің қос тотығымен дем алу нәтижесінде жоғары тыныс алу жолдарының тітіркенуі және жөтелулер.
  • Әсіресе қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары кезінде құрамында ванадий бар шаң мен оқшаулаушы асбестпен жанасудан, және ауаның құрамындағы күлмен жанасудан пневмокониоздар.
  • Жанғыш және коррозияға қарсы сұйықтықтармен (әртүрлі органикалық және металлорганикалық құрамдармен) және судағы басқа да қосымшалармен жанасудан дерматоздар.

Химиялық тәуекел:

  • Асбест ракті туындатуы мүмкін; темекі тарту бұл қауіптілікті қатты арттырады.
  • Жоғары температура мен ылғалдылықтан қазандықта өңездер мен бактериялар өсуінің дамуы.

Биологиялық тәуекел:

  • Кеміргіштер мен жәндіктердің болуы тістеп алулар мен жұқпалы ауруларға әкелуі мүмкін.
  • Шулы, жылы және ылғалды ортадағы дене еңбегінің нәтижесі ретіндегі жалпы шаршаушылық.
  • Тұрақты қайталанатын қозғалыстар немесе аса қауырттылық нәтижесінде жинақталатын жарақаттанушылық бұзылулар.
  • Теңдер мен ауыр жүктерді көтеру және орнын ауыстыру кезіндегі аса қауырттылық пен қате кейіптерден арқадағы ауырсынулар мен басқа да бұлшықеттік-қаңқалық проблемалар (омыртқааралық дискілердегі жарықшақтарды қосқанда).

Эргономикалық, психологиялық-әлеуметтік және ұйымдастырушылық  факторлар:

  • Жалықтыру, бірсарындылық, жалақының төмендігі, әріптестерімен, басшылықпен өзара қатынастардағы проблемалар және т.б. себептерден  болатын психологиялық  тоқырау.

Болғызбау жөніндегі іс-шаралар

1. Тайғанамайтын табандары бар арнаулы аяқ киім киіңіздер.

2. Көмірқышқыл газының бөлінуін болғызбау үшін, жанарғылар жұмысын ауық-ауық тексеріп тұрыңыздар және жолға қойыңыздар.

3. Ауаның ластануын болғызбау үшін тиімді шығару желдетуін орнатыңыздар; қажет болған кезде жергілікті шығару желдетуін қосыңыздар.

4. Жеңі ұзын көйлек киіңіздер және қолдарыңызды химикаттарға төзімді қолғаптармен қорғаңыздар. Егер бұл ыңғайсыз болса, онда қорғаныс кремін пайдаланыңыздар.

5. Көздерге арналған тиісті қорғанысты пайдаланыңыздар; қауіпсіздік техникасы жөніндегі маманға немесе өнім берушіге жүгініңіздер.

6. Құрамдастардың сынықтарын, металдағы сызаттарды және т.б. айқындау үшін қазандарды мерзімдік қарап-тексеруді ұйымдастырыңыздар.

7. Шудың деңгейі мен үлгісіне сәйкес келетін, естуді қорғауға арналған құрылғыларды пайдаланыңыздар; өнім берушіге немесе маманға жүгініңіздер.

8. Гидразиннің орнына неғұрлым қауіпсіз алмастырғыштарды пайдаланыңыздар.

9. Сол кезде атмосфераға шаң шығарылуы мүмкін, техникаға қызмет көрсету немесе басқа жұмыс кезінде тыныс алуды қорғауға арналған құрылғыларды пайдаланыңыздар.

10. Ауыр және қолайсыз жүктерді көтеру мен қозғалтудың қауіпсіз техникасын зерделеңіздер және пайдаланыңыздар; көтеру кезінде механикалық көмекші құралдарды пайдаланыңыздар.

Синонимдері: қазандықтың бақылаушысы, қазандық жағдайының операторы, қазандық қызметкері, қазандыққа қызмет көрсететін қызметкер,  бойлерлік суды байытушы, қазандарды тұтандырушы, бу қазандарының операторы.

Анықтамасы және/немесе сипаттамасы: ғимараттар немесе өндірістік үдерістерге арналған жылу немесе энергияны қамтамасыз ететін буды өндіру үшін автоматты тұтандырылатын қазандарды басқарады. Газды немесе майлы жанарғыларды жағады. Көмірді ұсақтау және оны қазанның оттығына беру үшін бүріккіш пен ағыншалықты іске қосады. Автоматты тұтандыруды, су беруді реттегіштерді,  ағыншалықты, бүріккіш пен жанарғыларды бақылау жүйелерінің нақты операциясын растау үшін панельде қысымды, температура мен тарту деңгейін бақылайды. Жанар майды нақты беруді, тарту деңгейін, қазандағы бу қысымы мен су деңгейін белгілеу үшін шұраларды бұрады және бақылау панелін жолға қояды. Ақаулықтарды айқындау үшін қазандар мен көмекші агрегаттарды бақылайды және жөндеу жүргізуді, мысалы, жанарғыларды алмастыру мен құбырлар мен қосылыстарды тартыңқырауды орындайды. Белгілі бір химикаттарды пайдалана отырып, қазанға берілетін суды байытады және сынап көреді. Аспаптардың көрсеткіштер журналын жүргізе және су сынақтарының нәтижелері мен тұтынылатын жанар май мөлшері сияқты мәліметтерді жаза алады. Жағылатын жанар майға, қазандардың үлгісі немесе сыныпқа талап етілетін лицензияға сәйкес біліктілік берілуі мүмкін.

Туыстас және неғұрлым тар шеңберлі кәсіптер: иқазандар дайындаушы, қазандықтар инспекторы, қазандық механигі, қазандық операторының көмекшісі, қазандық шеберханасының бақылаушысы, қазандық құбырларын үрлеуші, бақылау залының операторы, бу генераторының операторы, бу электр стансасының операторы, бу беру операторы.

Орындалатын операциялар: іске қосу (сорғыларды), баптау, жинастыру және бөлшектеу,  алмастыру, зарядтау, тексеру, тазарту (клапандарды, жанар майға арналған сұйыққоймаларды), ақаулықтарды анықтау, беру (жанар майды, суды), толтыру, тұтату, нығайту, шаю (сұйық сазды), өндіру, езу, орнату, жарықтандыру, тиеу және түсіру (жанар май), оқшауламаға қызмет көрсету, вести журнал жүргізу, жөндеуді, өлшеуді, бақылауды, қаладағалауды, басқаруды, жазып қоюды, ион айырбастаушы шайырларды қайта өндіруді, реттеуді (ағынды, температураны), жинастыруды (күлдерді, қалдықтарды), жамауды, бітеуді (ағуды), бұрауды, орнатуды, іске қосуды, от жағуды, сынамалауды (суды), шиыршықтауды, бұруды, көз жеткізуді, бұрап шығаруды жүзеге асыру.

Пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар: кмөлшерленген суөлшегіштер, машинашының жұмыс аспаптары (балғалар, атауыздар, сомындық кілттер), қауіпсіздік клапандарын тексеруге арналған жиын, газ қысымын тексеру мен өлшеуге арналған аспап, суды сынамалауға арналған жиын және т.б.

Бұл кәсіп таралған салалар: жұмысы үшін бу талап етілетін өндіріс пен қызметтер, мысалы:  химиялық өнеркәсіп, су тұщыландыратын зауыттар, электр стансалары, тағам өндірісі, ауруханалар, пластмассалар өндірісі, кемемен жүзу, булық кір жуатын орындар және т.б.

Ескертулер:

1. Жарияланған баянаттарға сәйкес, қазандықтардағы бақылаушыларда кеуде және жұтқыншақ рагімен ауру тәуекелі артады; қазандықтар операторларының гидразинмен және оның туындыларымен жанасуы өкпеге, бүйрек пен бауырға залал келтіруі мүмкін.

2. Жағар отын ретінде қалдықтарды пайдалану кезінде ерекше қауіптіліктер кездеседі; мұндай жағдайда қазандық операторы қалдықтарда болатын немесе жану кезінде түзілетін қауіпті химикаттардың кең ауқымымен жанасуы мүмкін, мысалы, фурандар, қостотықтар туындылары, металл түтіндері, минералдық талшықтар және т.б. Оператор сондай-ақ қалдықтарда болатын паразиттердің, жәндіктер мен тіпті ұсақ жануарлардың (мысалы жыландардың, сарышаяндардың) шағуына, сондай-ақ бактериялық жұқпаларға ұшырауы мүмкін.

3. Қазандықтар көбінде жертөлелерде орналасқандықтан, кейбір аудандарда радонмен жанасу тәуекелі орын алуы мүмкін.

Қазандықтардың операторлары жанасуы мүмкін химикаттар:

  • Суды байытуға арналған химикаттар мен құрамдар, әсіресе гидразин сияқты оттекті жұтумен коррозияны кідіртуге арналған заттар.
  • Қышқылдар мен негіздерді қосқанда ион алмастыру шайырларын қайта өндіруге арналған химикаттар.
  • Таттар мен қабықтарды тазалауға, алуға арналған өнімдер мен ерітінділер.
  • Көмір моноксиді мен диоксиді, азат оксидтері, күкірт қос тотығы.
  • Құрамында отқа төзімді материалдар мен ванадий оксидтері бар шаңдар.

http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль