Басты назарда қауіпті кәсіп. Жедел медициналық жәрдем қызметкері

45
Басты назарда қауіпті кәсіп. Жедел медициналық жәрдем қызметкері
Еңбек қызметі барысында денсаулыққа өндірістік орта мен жұмыс орнындағы жарақаттанушылық факторларымен келтірілетін залал – заманауи дүниедегі елеулі проблемалардың бірі

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, өлімнің жалпы құрылымында өндірістегі жазатайым оқиғалардан қайтыс болу жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орынды иеленеді.

Өндірістік жарақаттанудың көрсеткіштері

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын дүние жүзінде 2 миллионнан астам жұмыскердің өмірін алып кететін 270 миллиондай жазатайым оқиғалар мен 160 миллиондай кәсіптік акурулар тіркеледі.

Қазақстандағы өндірістік жарақаттанушылық көрсеткіштері жыл өткен сайын жоғары деңгейде қалып келеді.

Қазақсмтан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша, 2015 жылы өндірісте 1723 жұмыскер зардап шекті, олардан 251 адам өліммен аяқталған оқиғаға душар болса, 2014 жылы  – 2006 жұмыскер зардап шегіп, олардан 334 адам қайтыс болды.

Өндірістік жарақаттанушылықтың неғұрлым жоғары көрсеткіштері қауіптілігі жоғары салаларға жататын өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда тіркеледі деп есептеу қабылданған.

Алайда, өндірістегі жазатайым оқиғаларға талдау жасау көрсеткендей, 2011–2015 жылдар аралығындағы кезеңде өндірістік жарақаттанушылықтың жоғары көрсеткіштері бар кәсіпорындардың қатарына бюджеттік ұйымдар да кірді, олар қызметтің әралуан түрлері кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанушылық оқиғаларынан зардап шеккен жұмыскерлердің саны бойынша үшінші орынды иеленді (диаграмма).

Бұған қоса, бюджеттік ұйымдар өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар саны бойынша алтыншы орынды иеленеді (жыл сайын 20-дай адам қайтыс болады).

Бюджеттік ұйымдар жазатайым оқиғалар саны бойынша жарақат қауіптілерге жатқызылған, пайдалы қазбаларды өндірумен және карьерлер қазумен, электр энергиясын өндіру, беру және бөлумен, ауыл шаруашылығымен, өңдеуші  өнеркәсіппен және қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын кәсіпорындардың алдына шығып, құрылыс кәсіпорындарынан кейінгі екінші орынды иеленді.

Өндірістік жарақаттанушылықтың мемлекеттік мониторингінің «бюджеттік ұйымдар» сияқты сегментінің құрылымына негізінен денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің кәсіпорындары мен ұйымдары кіреді.

ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын бюджеттік ұйымдардың арасында өндірістік жарақаттанушылық оқиғаларының неғұрлым көп саны халыққа тәулік бойы жедел медициналық жәрдем көрсететін емдеу-профилактикалық мекемелерде, – қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларында тіркеледі.

Қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларының қызметкерлері өндірістік жарақаттар алу тұрғысынан алап қарағанда, денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында неғұрлым осал буын болып табылады.

Дәрігерлердің, фельдшерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардың түрлері мен себептері басқа кәсіпорындарға қарағанда, өзінің саналуандығымен ерекшеленетін болса, кәсіпорындар мен ұйымдарда негізінен сипатты белгі немесе өндіріс факторы орын аолады (құрылыс объектілерінде биіктіктен құлау, химиялық зауыттардағы жіті уланулар, автошаруашылықтардағы жол-көліктік оқиғалар (бұдан әрі  – ЖКО)).

Жазатайым оқиғалардың түрлері және себептері

Қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларының қызметкерлерімен болып өткен жазатайым оқиғаларды түрлік бөлу призмасы арқылы қарастырсақ, онда жарақаттанушылықтың негізгі көрсеткіштерін:

жол-көліктік оқиғалар;

үшінші тұлғалар келтіретін дене зақымданулары;

зардап шегушінің құлауы;

жануарлармен жанасу нәтижесіндегі зақымдану қалыптастырады.

Егер назар аударатын болсақ, бұқаралық ақпараттық құралдарда жедел медициналық жәрдем  станциялары автомашиналарының қатысуымен болған оқиғалар туралы іс жүзінде хабарлама болмайтын бірде-бір күн болмайды.

Бұны растау ретінде республиканың әртүрлі өңірлерінде болып өткен ЖКО-ның бірнеше мысалын келтіреміз.

Көкшетау қаласында жедел жәрдем күймесі жеңіл автомобильдің қатысуымен болған ЖКО-на ұшырады,  жеңіл көліктің жүргізушісі  «жедел жәрдемге» жол бермеген еді.

ЖКО сәтінде жедел жәрдем қызметкерлері мен 81 жасар пациент әйел болды. Нәтижесінде  «жедел жәрдемнің» жүргізушісі ми шайқалу,  фельдшер – бассүйек-ми жарақатын және бастың соққылық жарақатын алды, сондай-ақ оң сирағы сынды. Пациент әйел есеңгіреуге қарсы бөлімшеге жатқызылды.

Ақтау қаласының орталығында шақыруға келе жатқан жедел жәрдем күймесі аударылды.  «Жедел жәрдем» жүргізушісі, фельдшер мен 2 тағылымдамадан өтуші зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді.

 Алматы қаласында жол талғамайтын машина жоғары жылдамдықпен келіп, «жедел жәрдем» автомобилін соқты. Соқтығысу нәтижесінде фельдшер, медициналық аға мен ауруханаға әкеле жатқан пациент зардап шекті.

Көргендердің айтуынша, жол талғамайтын машина «жол бер» белгісін жоққа шығарып, жедел жәрдем күймесімен соқтығысуға себепші болған.

Ақтау қаласында медициналық қалашыққа шақырудан қайтып келе жатқан және пациенттер тасыған жедел жәрдем күймесінің жеңіл автомобильмен соқтығысуы болып өтті. Оқиға болған сәтте «жедел жәрдем» салонында бес адам болған. Соққыдан жедел жәрдем күймесі аударылды. Жедел жәрдем жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

 Шымкент қаласында  біреуінде босану алдындағы толғату болған, екі әйелді алып келе жатқан жедел медициналық жәрдем машинасы ЖКО-на тап болды, бұған қосылған жалтылдақ шамшырақшаларға қарамастан, «жедел жәрдемге» жол бермеген жеңіл автомобильдің жүргізушісі кінәлі еді.

Қарағанды қаласында маршруттық автобус жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып кетуінен жедел жәрдем машинасымен бетпе-бет соқтығысу болып өтті, нәтижесінде шақыруға келе жатқан «жедел жәрдем» жүргізушісі мен фельдшер зардап шекті. Фельдшер өте ауыр бассүйек-ми жарақатын алды, жедел жәрдем жүргізушісі ауруханада қайтыс болды.

Қызылорда қаласында ЖКО-нан зардап шеккен,  жағдайы ауыр ер адамды ауруханаға әкеле жатқан, сиренасын және жарқылдақ шамшырақшасын қосып қойған жедел жәрдем машинасын жол талғамайтын машина келіп соқты. Соқтығысу нәтижесінде фельдшердің омыртқасы елеулі жарақаттанды, ал пациент жан сақтау бөлімінде бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.

Бұл тізімді ұзартып жалғастыра беруге болатын еді, алайда біздің мақсатымыз жедел жәрдем күймесінің қатысуымен болған ЖКО санын көрсету емес, жұртшылық назарын ЖКО-ның жекелеген азаматтар мен мемлекет, сондай-ақ тұтастай алғанда қоғам үшін салдарларына аудару болатын, өйткені жоғарыда көрсетілген құқыққа қарсы іс-әрекеттердің нәтижесінде жедел медициналық жәрдем станцияларының қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ оларға кейінге қалдыруға болмайтын медициналық көмек талап етілген, ЖКО сәтінде жедел жәрдем күймесінде болған пациенттер де зардап шегеді.

Жедел медициналық жәрдем станциясының автомашиналары қатысатын ЖКО болмайтын өңірлер жоқ, олар үлкен қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де болады. Мұндай ЖКО келді мекендер арасындағы жолдарда жеткілікті жиі болып тұрады.

Бұл оқиғалардың себептері бірінші кезекте, жолда жүру ережелерін бұзушылықтар және әрине, қарапайым жүргізушілік әдеп пен ынтымақтастықтың жоқтығы болып табылады. Жүргізушілер арнаулы сигналдарын іске қосқан, медициналық мекемелердің арасында науқастарды тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ халыққа жедел жәрдем көрсету үшін бағыт алған, жедел медициналық жәрдем станцияларының автомашиналарына жол бермейді.

Жедел жәрдем дәрігерлері арасындағы жарақаттанушылықтың жоғарыда сипатталған себептерінен басқа,  шақыруға шығулар кезінде өмір мен денсаулыққа үшінші тұлғалардың залал келтіруі де сирек болмайды.

Оқиғалардың себептері

Бұл проблема сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында да мерзім-мерзім кеңінен жарияланып жүр.

Мысалға,   Best news.kz ақпараттық агенттігінде тілші С. Корняковтың  «Медики бьют тревогу»  («Медиктер дабыл қағады») атты мақаласы жарияланды, онда Астана қаласы «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МҚКК бас дәрігері нақты оқиғаларды көрсетумен, қала дәрігерлеріне жасалған шабуылдар оқиғаларының жиілеп кеткендігі туралы әңгімеледі.

Бұл мәселе КТК телеарнасының жаңалықтық бағдарламалар мен хабарлар эфирінде де бірнеше рет көтерілді. «Главная редакция» бағдарламасының «Опасный вызов» атты репортажы жедел жәрдем дәрігерлерін пациенттер мен олардың жақындары жарақаттаған оқиғаларға арналды.  Осыған ұқсас «Беспомощная скорая помощь»  («Қорғаусыз жедел жәрдем») репортажы  «Портрет недели» бағдарламасында ұсынылды.

Мысалы, тек Алматы қаласының өзінде ғана 2015 жылы жедел жәрдем дәрігерлеріне 18 шабуыл жасалды. Бұл ретте жедел жәрдем қызметкерлері туыстарының тараптарынан ғана емес, сондай-ақ пациенттердің өз тараптарынан да шабуылға ұшырайды.

Өрескел оқиғалардың соңғысы Алматы қаласында, 2015 жылдың 26 қараша күні болып өтті. Жедел жәрдем бригадасы жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданған жас әйелдің шақыруына келді. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде бөлмеге пациент әйелдің күйеуі басып кіріп, дәрігердің желке тұсына таспен соққы жасады. Бөлмеде болған  фельдшер әріптесіне көмекке келді, төбелес басталды. Нәтижесінде дәрігер өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, ал фельдшер бассүйек-ми жабық жарақатын, мидың шайқалуын, көптеген тырналу жарақаттарын алды.

Жарақаттанушылықтың сипатталған екі түрінің арасында себеп-салдарлық байланыс байқалады: көбінде пациенттер мен олардың туыстарының озбыр мінез-құлқының себебі жедел жәрдем бригадасын ұзақ күту болып табылады, ал көпшілік жағдайларда дәрігерлердің науқастарға шығуға кешігуі нақ жедел жәрдем күймесін жібермеуден болады, немесе олар жолда келе жатып, ЖКО-на ұшырайды және тіпті өздері жедел медициналық көмек көрсетілуге мұқтаж болады.

Көрсетілген құқыққа қарсы іс-әрекеттердің нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян ғана келтіріліп қоймай, мемлекетке де материалдық залал келтіріледі, оның есебінен еңбек қабілетінен уақытша айырылуы, мүгедектігі бойынша жәрдемақылардан бастап асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыларға дейінгі барлық ақшалай өтемақылар төленеді.

Бұған қоса, мұның бәрі денсаулық сақтау жүйесіндегі төтенше, ауруханаға дейінгі көмектің біліктілігі жоғары мамандарының онсыз да жоғары тапшылығына әкеледі, сондай-ақ  халықтың тарапынан алғашқы медициналық көмектің өз уақытында және сапалы көрсетілмейтіндігі жөніндегі түсетін шағымдар санының өсуіне септігін тигізеді.

Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтыруларенгізуді ұсынамыз, атап айтқанда:

құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер үшін қарастырылғанға ұқсас, қызметтік міндеттерін орындау кезінде дәрігерлердің өмірі мен денсаулығына залал келтірілгені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік (келтірілген залалдың ауырлығына қарай) белгілеу;

шақыруға келе жатқан автомобильдермен болатын ЖКО-на жол берген, сондай-ақ оларды жібермеген жүргізушілерге неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастыру.

Бұл ретте көрсетілген жеңілдіктерді қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға жол бермеу мақсатында осыған ұқсас қатаң жауапкершілікті жедел медициналық жәрдем станцияларының арнаулы сигналды тағайындалуынан тыс пайдаланатын жүргізушілер үшін де қарастырған жөн.

Мұнымен бірге ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен денсаулығын сақтауға қажетті заңдар қабылдау жолымен ғана емес, сондай-ақ қоғамның тұтастай алғанда дәрігерлердің еңбегіне деген көзқарасын өзгертумен де қол жеткізу қажет.
Барлық уақыттарда дәрігер кәсібі  ең сыйлы және құрметті кәсіптердің бірі саналып келді, біздің күндердерде не өзгерді?
Күнделікті өмірдегі кәдімгі адам басқа адамның өмірін құтқарған кезде, оған батыр ретінде қошемет көрсетіледі, марапаттайды, ол туралы баспасөзде жазылады. Ал дәрігер үшін адамдарды құтқару күнделікті ауыр жұмыс, ал жедел медициналық жәрдем дәрігері үшін – сонымен бірге қауіпті де жұмыс болып табылады.

Осыған байланысты қоғамды батыл және ержүрек кәсіптердің адамдарына деген құрмет, мақтаныш және алғыс сезіміне тәрбиелеу қажет, және де бұл тәрбие отбасынан басталады.

Мемлекет болса, өз қызметшілерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көмек пен өтемақыларға кепілдік беруге тиіс.

Дереккөз:  http://ekz-otruda.mcfr



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль