Өндірістік емес жарақаттанушылықтың алдын алу

59
Өндірістік емес жарақаттанушылықтың алдын алу
Чернуха Г. Б.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", специалист по охране труда Петропавловского отделения Южно-Уральской железной дороги, г. Петропавловск
Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің алдын алу жұмысын ұйымдастыруда бағдар қызметін мынадай нормативтік құжаттардың талаптары атқарады

Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы маңызды бағыттарының бірі – темір жол көлігі объектілерінің аумағында өндірістік емес жарақаттанушылық оқиғаларынан сақтандыру жөніндегі алдын алу жұмысы, өйткені темір жол желісі Петропавл, Булаево, Мамлютка қалалары; Кондратовка, Токуши, Ганькино, Қарақоға ауылдары мен бірнеше неғұрлым шағын елді мекендер арқылы өтеді және темір жол жолдарының ұзындығы 280-ге жуық  километрді құрайды.

Нормативтік құжаттардың талаптары атқарады

Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің  алдын алу жұмысын ұйымдастыруда бағдар қызметін мынадай нормативтік құжаттардың талаптары атқарады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1248 қаулысымен бекітілген темір жол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыру және жолаушылардың, азаматтардың болуы, оларда жұмыстар жүргізу, темір жол жолдары арқылы көлікпен өту және өту Ережелері;

«РЖД» ААҚ-ның 2009 жылғы 20 тамыздағы №  1754р өкімімен бекітілген поездар қозғалысы аймағында болып өткен, өндіріспен байланысты емес, адамдар душар болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық;

Петропавл бөлімшесі бастығының поездар қозғалысы аймағында болып өткен, өндіріспен байланысты емес, адамдар душар болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды, сондай-ақ өндіріспен байланысты емес, адамдардың электр тогынан жарақаттануының жазатайым оқиғаларын тергеп-тексеру мен есепке алуды ұйымдастыру  туралы бұйрығы; басқа да ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттар.

Азаматтар душар болған жазатайым оқиғаларды қызметтік тергеп-тексеру және есепке алу Петропавл бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелерінің теңгерімінде орналасқан электр қондырғыларында, сондай-ақ бөлімшенің темір жол жолдарындағы қозғалыстағы жылжымалы құрамның әсерінен электр тогынан жарақат алған жазатайым оқиғалар нәтижесінде жүргізіледі, оның ішінде:

  • жылжымалы құрамның басып кетуі;
  • оның қозғалысы кезінде жылжымалы құрамнан құлап түсулер;
  • жолаушыларды отырғызу (түсіру) кезінде  автоматты есіктердің қысып қалулары;
  • жылжымалы құрам мен жасанды құрылыстардың арасына қысылып қалулар (құлап түсулер) бар.

Қызметтік тергеп-тексерудің міндеттері:көліктік оқиғаның мән-жайлары мен себептерін айқындау; қызметтік тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу.

Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібі Петропавл бөлімшесі қызметкерлері жоғарыда санамаланған себептердің салдарынан жұмыс уақытынан тыс кезде душар болған жазатайым оқиғаларға қолданылады.

Жол бөлімшесінде қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін

  •  азам аттардың өміріне немесе денсаулығына қозғалыстағы темір жол жылжымалы құрамымен зиян келтірілген көліктік оқиғалар; азаматтардың өміріне немесе денсаулығына электр тогымен зиян келтірілу оқиғалары туралы ақпараттандыру тәртібі;
  • жазатайым оқиға болған жердегі іс-әрекеттер тәртібі;
  • жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі;
  • қызметтік тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі;
  • жазатайым оқиғаны есепке алу тәртібі.

Көліктік оқиғаларды қызметтік тергеп-тексерулердің нәтижелері бойынша жазатайым оқиғалардың себептеріне талдау жасау жүргізіледі.

Бөлімшенің жарақат қауіпті учаскелерін айқындау үшін жылжымалы құрамның локомотив бригадалары бөгде азаматтарды басып кетуді болдырмас үшін жасаған төтенше тежеушіліктеріне талдау жүргізіледі.

Жүргізілген талдаулардың негізінде поездар қозғалысы аймағында және электр тогының әсерінен  азаматтар ұшыраған жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар әзірленеді (оларды Петропавл бөлімшесінің бас инженері бекітеді).

Ұйымдастырушылық іс-шаралары

  • бұқаралық ақпарат құралдарының (баспасөз басылымдары, радио, теледидардың), азаматтар көп болатын жерлердегі бейнедисплейлердің көмегімен – халықтың арасында азаматтардың қауіптілігі жоғары аймақтарда, темір жол жолдары арқылы жаяу және көлікпен өту кезінде қауіпсіздік ережелері талаптарын сақтауы туралы ақпараттық жұмыс жүргізуді;
  • азаматтар, балалар, оқушылардың арасында темір жол көлігінің инфрақұрылымы объектілеріндегі  қауіпсіздік жөніндегі жаднамаларды әзірлеу, көбейту және таратуды;
  • ішкі істер органдары және Петропавл бөлімшесінің ведомстводан тыс күзет жасағы қызметкерлерімен бірге көлікте рейдтер жүргізуді қамтиды.  

Техникалық іс-шаралар

  • жаяу жүргіншілер көпірлерінің, тоннельдерінің, темір жол жолдарымен бір деңгейдегі өтпелер, жолаушылар платформаларының құрылысын (қайта құрылымдау);
  • жаяу жүргіншілер көпірлерін, тоннельдерін, темір жол жолдарымен бір деңгейдегі өтпелерді, жолаушылар платформаларын күрделі жөндеуді;
  • электр қондырғылары қоршауларын салу және жөндеуді;
  • поездар қозғалысы аймағын қоршауды;
  • түйіспелік желі тіреулерінің жерлендірулерін жөндеуді;
  • поездың жақындағандығы туралы сөздік ақпараттандырушылармен жабдықтауды;
  • жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді поездың жақындағандығы туралы жарықтық және дыбыстық сигналдандыру жүйелерімен жабдықтауды;
  • азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі сақтандыру белгілерін, плакаттарды орнатуды;
  • жолаушылар платформаларында қауіпсіздік сызықтарын (жолақтарын) салуды қамтиды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына өндіріспен байланысты емес зиян келтірілген жазатайым оқиғалардан сақтандыру қызметін үйлестіру мақсатымен жолдың Петропавл бөлімшесі объектілерінің аумағында  өндірістік емес жарақаттанудың алдын алу жөнінде бөлімшелік комиссия құрылды.

Комиссия:

–  Петропавл  - азаматтардың өндіріспен байланысты емес жарақаттану оқиғаларынан сақтандыру жөнінде қабылданған іс-шаралардың тиімділігін, азаматтардың инфрақұрылым объектілерінде азаматтардың өндіріспен байланысты емес жарақаттану оқиғаларынан сақтандыру бойынша ұйымдастыру-техникалық  шаралардың орындалуын; 

Комиссияның отырысына Петропавл стансасының ішкі істер желілік бөлімі (бұдан әрі – ІІЖБ) әкімшілік полициясының өкілі шақырылады.

Диаграммаларда Петропавл бөлімшесі объектілерінде 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта болып өткен өндірістік емес жарақаттанудың  жалпы саны ұсынылған,  оның ішінде өліммен аяқталған, өзіне өзі қол салу оқиғаларының, зардап шеккен кәмелетке толмағандардың, теміржолшылардың, өндірістік емес жарақаттанудың топтық оқиғаларының саны бар.

2014 жылы стансалар мен өткізу жолдарындағы темір жол жолдарында: өткізу жолдарында – 7 адам (2013 ж. – 7 адам); стансаларда – 7 адам (2013 ж. – 4 адам) зардап шекті. 

Шұғыл тежеушілік жағдайларындағы адамдардың жарақаттануына талдау жасау темір жол жолдарының  Петропавл – Кондратовка (Петропавл қаласының шегінде), Булаево, Петропавл стансаларының учаскелері ең қауіпті болып табылатындығын көрсетеді.

2014 жылғы жарақаттанулардың негізгі себептері

– өзін өзі өлтіру (өзін өзі өлтіру әрекеті) – 8 оқиға (оқиғалардың жалпы санының 58%-ы);

– жақын келе жатқан поездардың алдында жолдардың белгіленбеген жерлерінде жүру (болу) – 3 оқиға (оқиғалардың жалпы санының 21%-ы);

– жақын келе жатқан поездардың алдынан темір жол жолдарынан белгіленбеген жерлерден өту – 3 оқиға ( оқиғалардың жалпы санының 21 % -ы).

Өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлімше объектілерінде 2014 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:

  • Мамыр, қыркүйек айларында Петропавл қаласының кәбілдік теледидар арналары мен жарық-диодтық  экрандарында темір жол жолдарындағы қауіпсіздік ережелері туралы бейнебаян көрсетілді.
  • Жергілікті газеттерде алты мақала мен екі үндеу жарияланды.
  • Оқу орындарына, Петропавл стансасындағы ІІЖБ-не 47 хат жіберілді.
  • Мектептер мен оқу орындарында алдын алушылық шараларының жүргізілуі үшін жауапты инженерлер мен мамандар қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы бейнефильмдер, балалар мультфильмдерін көрсетумен, плакаттарды пайдаланумен, кітапшаларды таратумен  300-дей лекция мен әңгімелесулер (8000-дай адам қамтылды) өткізді.
  • Оңтүстік Орал темір жолындағы балалардың жарақаттанушылығы статистикасын келтірумен темір жол көлігі аумағында орналасқан азаматтардың қауіпсіздік ережелері жөнінде 5000-дай жаднама шығарылып, таратылды.
  • ІІЖБ және бөлімшенің ведомстводан тыс күзет бөлімінің қызметкерлерімен бірге стансалар мен өткізу жолдарында темір жол жолдарында қауіпсіздікті сақтау ережелерін тексеру бойынша 300-дей рейд жүргізілді. Ережелерді бұзғаны үшін 2 400 адам ұсталды. Барлығы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексінің 439-бабы, 5-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  • Қала маңы поездарында жолсеріктер дауыс зорайтқыш байланыс бойынша темір жол жолдарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы  хабарлап тұрады.
  • Стансалар платформаларындағы, аялдамалық пункттердегі, азаматтардың  өтуіне рұқсат берілмеген жерлердегі, жарақат қауіпті учаскелердегі түйіспелік желілер тіреулеріндегі плакаттар жаңартылды.
  • Плакаттар орнатылды, зақымданғандары алмастырылды.
  • Стансалардың платформалары мен аялдамалық пункттерде қауіпсіздік жолақтары жасалды.
  •  Петропавл стансасындағы № 3 платформаға күрделі жөндеу (жаңғырту) жүргізілді.
  • Мамлютка стансасында сөздік ақпараттандырушы орнатылды.

Азаматтармен  өндірістік емес жарақаттанудың жазатайым оқиғаларынан сақтандыру бойынша шаралардың орындалуын бақылау комиссияның қарап-тексерулері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тексерулер өткізген кезде жүзеге асырылады.

Дереккөз: "Қазақстанда еңбекті қорғау", http://ekz-otruda.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль