Еңбек жағдайларын жақсарту – еңбекке қабілеттіліктің сақталуы

106
Еңбек жағдайларын жақсарту – еңбекке қабілеттіліктің сақталуы
Бектемиров Абдраш Карбозович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель директора ТОО «Институт сейсмологии», к. э. н., ассоциированный профессор РАМ
Бұл нәтижеге еңбекті қорғауда, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыруда оған ерекше маңыз берілгенде ғана қол жеткізілетінін басшылар түсінуге тиіс

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа идеология қалыптасты. Еңбек қатынастары үдерісінде туындайтын міндеттерді өз уақытында және біліктілікпен шешуге бағытталған ұйымдастыру, техникалық және ғылыми-зерттеушілік іс-шараларының басымдықтары анықталды. Дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялану жағдайларында кәсіптік тәуекел мәселесін зерделеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ерекше бақылауына алынған. Еңбекті қорғауды, өндірістік ортаны, еңбек гигиенасы мен денсаулықты басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік және аумақтық деңгейлерде қабылданады.

Тәуекелдер сипаттамасы

Бүгінгі күні еңбек жөніндегі отандық мамандар өндірістегі тәуекелдің ең төменгі жол берілетін деңгейін анықтау мақсатымен тәуекелдердің әртүрлі сипаттамаларын қолданады:

  • техникалық;
  • жеке;
  • әлеуетті;
  • қабылданатын;
  • ұдымдық (топтық, әлеуметтік);
  • кәсіптік. 

Кез келген тәуекелде – шамасы бойынша да, сондай-ақ өз табиғаты бойынша да айырмашылық болады. Сондықтан оны өлшеу жөніндегі міндет өзіне мыналарды бағалауды қамтиды:  

  • тәуекелдің барлық мәнді түрлерінің көлемдерін (өндірістік жарақаттану мен ауруға шалдығушылықтың, оның ішінде өліммен аяқталғандарының жиілігін);
  • зиянды және қауіпті факторлардың әрқайсысынан туындайтын зиян мөлшерін.

Қазақстанның еңбекті қорғау саласындағы ғалымдары «кәсіптік тәуекел» және «кәсіптік тәуекелді бағалау» сияқты анықтамаларды түсіндіру мен заңнамалық қабылдау бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде.  

Қорғау тетігін

Кәсіптік тәуекелді бағалауды қолданудың басты идеясы – бұл зиянды жағдайлармен қамтылған адамдар денсаулығының жай-күйін бағалау, еңбек жағдайларын жақсарту және оларды еңбек қауіпсіздігінің нормативтік талаптарына сәйкестікке келтіру, сондай-ақ кәсіптік аурулардың мақсатты бағытталған алдын алушылық. Кәсіптік тәуекел кеңістігі дүниежүзілік іс-тәжірибемен жасалып шыққан қорғаныс тетіктерінің спектрімен:

  • мемлекеттің заңнамалық және бақылаушылық қызметімен;
  • кәсіпорындардың ұйымдастыру-техникалық жұмысымен;
  • өндірістегі жазатайым оқиғалардан әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің өтемдеуші-оңалтушылық қызметімен жабылуы тиіс.

Тәуекелді бағалау үдерісінде мынадай аспектілерді шартты түрде бөліп көрсетуге болады:

  • кәсіптік тәуекелдер мониторингі;
  • өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың жиілігі мен зардаптарының ауырлығы туралы мәліметтер жинау, оларды экономикалық бағалау;
  • олардың қызметкерлер денсаулығы үшін әлеуетті қауіптілігі тұрғысынан кәсіптік тәуекелдің зиянды және қауіпті факторларын айқындау;
  • сақтандырудың тиісті моделін таңдап алу.

Қазақстан үшін бүгінгі күні кәсіптік тәуекелді бағалау міндеттерін шешудің күрделілігіне бұрынырақта елде тәуекел (техникалық, жеке, әлеуетті, қабылдауға болатын, ұжымдық және кәсіптік) мониторингінің өткізілмегендігі жағдай жасады. Мониторингтің кез келген түрінің жоқтығы тұтастай алғанда тәуекелді бағалауға кері әсер етеді.

Талдау береді

Осыған байланысты тәуекелдерді бағалауды:

  • жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізу нәтижелеріне;
  • еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін өткізілетін өндірістік объектілер мен технологиялық үдерістерді жаңғырту нәтижелеріне;
  • ұйымдарда кәсіптік тәуекелдерді басқаруды қолданудың тиімділігіне;
  • еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылауға;
  • еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділігіне;
  • ұйымдарда зерттелетін кезең ішінде анықталған кәсіптік тәуекелдер көрсеткіштерінің төмендеу (жоғарылау) серпініне;
  • жұмыс істеушілерді оқытуды өткізу әдістемелерінің сапасын бағалауға;
  • ұйымдар мен салалар деңгейлерінде қызметкерлердің сертификатталған жеке қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, емдеу-профилактикалық қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілгендігін бағалауға;
  • өндірістегі жазатайым оқиғалардан, аурулардан міндетті сақтандыруға берілетін сақтандыру тарифтеріне талдау жасау негізінде қалыптастыру қажет.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшыларына және еңбекті қорғау саласындағы мамандарына көбінде кәсіптік тәуекелдердің экономикалық және табиғи көрсеткіштерінде айырмашылықтар болатыны белгілі. Бұған проблеманың белгілі бір аспектілері ықпал етеді. Мысалы, әлеуметтік сақтандыру тұрғысынан алып қарағанда, кәсіптік тәуекел жалақыдан айырылумен қатар жүретін сақтандыру оқиғаларының бұл кәсіптік топ үшін басталу ықтималдылығын білдіреді. Бұл жерде жарақат алу тәуекелі емес, жазатайым оқиғалардан жалақыдан айырылу тәуекелі, зардап шегушілерді емдеу мен оңалтуға кететін қосымша шығындар тәуекелі сақтандырылады. Кәсіптік тәуекелді талдау өзіне оның қауіптілік дәрежесін анықтау, сәйкестендіру және бағалау міндеттерін қамтиды, ал мұны басқару ретінде тәуекелдің төмендеуіне, өтемдеуге және бақылауға септігін тигізетін іс-шаралар түсініледі. Кәсіптік тәуекелдерді зерделеу объектісі әрқашанда жұмыс орны болып табылады, бұл жерде тәуекелдік жағдаят өзін: тәуекел факторлары, тәуекел субъектісі, тәуекелді басқару сипаттамаларының жолын кесуші ретінде көрсетеді.

Әлеуметтік сақтандыру үшін

  • жазатайым оқиғалардың көпшілігі елеулі салдарлар туындатпайтын;
  • жазатайым оқиғалардың елеулі бөлігі жұмыс істеушілер үшін айтарлықтай салдарлар (еңбек қабілеттілігінен ішінара немесе толықтай айырылу) туындататын салалар мен кәсіпорындардың болатындығын есепке алу маңызды.

Кәсіптік тәуекелді бағалау критерийін еңбекке қабілеттіліктен айырылудың ұзақтығы мен дәрежесі бойынша қызметкер денсаулығының зақымдану көрсеткіші ретінде қарастырған жөн.

Қазіргі уақытта республикада жұмыс күші тозуының артуы мен еңбекке қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеуі байқалуда. Мұны үлкен кәсіптік-салалық топтар үшін кәсіптік тәуекел деңгейлері туралы жалпы түсініктер беретін мәліметтердің статистикалық базасы куәлендіреді.  Алайда өндірісте орын алған тәуекел факторлары позициялар бойынша қажетті мәліметтер бермейді: тәуекел факторлары санитарлық нормалардан (шектік жол берілетін мөлшерлері мен шектік жол берілетін деңгейлері) қанша есе артық, қызметкердің еңбектің қолайсыз жағдайларында болу ұзақтығы қандай және т.б. Сондықтан еңбек проблемалары терең талдау мен зерттеуді талап етеді.

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау және оларды басқарудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  • өндірістік орта, еңбек үдерісі факторларын, жұмыс істеушілер денсаулығы бұзылуының (айқындаудың ерте формаларын қосқанда) және еңбекке қабілеттіліктен айырылуының медициналық көрсеткіштерін есепке алумен кәсіптік тәуекелді кешенді бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздерін әзірлеу;
  • кәсіптік тәуекелді бағалауды үйлестіруді мемлекет деңгейінде жақсарту, бұл үшін елдің кәсіптік тәуекелдерді бағалау мен басқару жөніндегі бірыңғай үйлестіру органын құру мақсатқа лайық болады;
  • негізгі топтар бойынша (100-500 жұмыс орны) кәсіптік тәуекелдің жоғары деңгейі бар үлгі жұмыс орындарының тізбесін анықтау және олардың базасында кәсіптік тәуекел деңгейлері мен серпініне тұрақты, ұзақмерзімді мониторинг ұйымдастыру.

Өндірістік тәуекел шамасы көбінде антропогенді әсер етулер жағдай жасайтын қауіптіліктерді бағалаудың сандық өлшемі болып әрекет етеді.  Химиялық табиғаттың антропогенді факторларының әсер етуі ағзаның дамуы мен тіршілік қарекетінің материалдық негізі болып табылатын және оның патологиялық әсер етулерге орнықтылығын анықтайтын табиғи факторлар жиынтығының ағзаға әсер ету аясында жүзеге асырылады. Еңбектің қолайсыз жағдайларында жұмыс істеушілердің меншікті үлесі тәуекелдің жекелеген факторлары (шу, шаңдану, діріл, газдану және т.б.) бойынша тәуекелдің өз сипаттамалары туралы маңызды ақпаратты бейнелемейді.

Сандық шарасы қауіп

Еңбек жағдайларын басқару мен тәуекелдерді өндіріс қауіптіліктерінен (зиянды және қауіпті факторларымен) анықтау аспаптарының біріөндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау. Өндірістік объектілерді аттестаттау еңбек жағдайларының сыныптарын анықтаумен және жарақат қауіпсіздігі факторы бойынша зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды бағалауды көздейді. Бұл ретте жұмыс орындарын аттестаттау үдерісінде өндірістік факторлардан болатын тәуекелдер ғана жіктеледі және бұл тәуекелдерді қызметкерлер денсаулығының жай-күйімен салыстыру тетігі толықтай жоқ болады.

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау кезіндегі бағалау тетігі қызметкерлер жарақаттануының мүмкін болатын барлық тәуекелдерін (жабдықтармен, технологиялық процестермен, өндірісті ұйымдастырумен жасалатын қауіптіліктер) толықтай қамтуға қабілетсіз болады. Қызметкердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгендігі берілетін құралдардың тегін беру нормаларына сәйкестігі қағидаты бойынша жүргізілетіндігін ескеру қажет. Бұл рәсімде әлеуметтік сипаттың басым болатындығын және еңбек жағдайларын бағалаудың нақты нәтижелерімен және тәуекелдерден қорғалғандықты бағалаумен байланысты емес екендігін білдіреді. Бұл факторлардың бәрі қарастырылатын проблеманың маңыздылығын растайды.

Еңбек қызметі үдерісінде ықтимал тәуекелді толықтай жоюдың қағидаттық жағынан мүмкін еместігін мойындау доктринасы, бір жағынан,  «қабылдауға болатын тәуекел» деңгейлерін бағалау мен анықтауды, екінші жағынан – шамадан тыс немесе жол берілмейтін тәуекелді жою жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді. Өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жай-күйін бақылау мақсатында қызметкерлердің денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін бағалау әдістері қолданылады, еңбек жағдайларының жай-күйі мен зақымдаушы әсерлердің туындау ықтималдығының арасындағы өзара байланыс анықталады.

Кәсіпорындар деңгейінде кәсіптік тәуекелді басқару әртүрлі тәсілдер жиынын қамтиды:

  • шаң, шу мөлшерін өлшеу;
  • жұмыс аймағындағы ауа құрамындағы химиялық заттардың деңгейін анықтау;
  • әртүрлі оқиғаларға мониторинг, тіркеу.

Кәсіптік тәуекел түпмәтініндегі  басқарушылық ықпал етулер саласы өндірістік жарақаттану, денсаулықтың бұзылуы мен жазатайым оқиғалар, кәсіптік және өндірістік-жағдайластырылған аурушаңдықтан сақтандыру мен себептерін жою бойынша басымдықтарды, шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдап алуды қамтиды.

Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының пікірінше, Қазақстан Республикасы жұмыс берушіні өндіріс тиімділігін арттыру мен әлеуметтік серіктестікті дамытуға ынталандыруға мүмкіндік беретін, еңбек қатынастарының жолға қойылған жүйесін иеленген.

Кез келген буынның басшылары еңбекті қорғау, өндірісте қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша қызметтің оңды нәтижесіне оған ерекше мән берген кезде ғана қол жеткізілетіндігін түсінуі тиіс.  

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль