text
Справочник кадровика

226 мыңнан астам азамат жаңа форматтағы АӘК-пен қамтылды

  • 1 мая 2018
  • 2

2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 44 мың отбасыдан тұратын 226 мың аз қамтылған азаматқа берілді. Олардың ішінде 43 мыңдай азамат шартсыз, ал 183,5 мың азамат шартты ақшалай көмек алды.

Мемлекет Басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап шартты және әлеуметтік келісім шартқа негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді.

Жаңа форматағы АӘК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің бар екендігін ескере отырып, шартты және шартсыз ақшалай көмек күнкөріс деңгейінің 50 % -нан төмен табысы бар отбасыларға беріледі және олар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысады.

Сонымен қатар, АӘК -тің орындалуы нәтижелері бойынша бірқатар өңірлерде мемлекеттік қолдаудың арқасында азаматтар өздерінің жеке істерін ашты. Мәселен, Актөбе, Алматы, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қысқа мерзімді оқудан өткен әйел азаматтар отбасыларының тұрақты табысына айналып отырған өздерінің жеке тігін шеберханаларын ашты.  

Дереккөз: Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми интернет-ресурсы

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Мы в соцсетях