text
Справочник кадровика

Павлодарда жобалаушы, құрастырушы, есепші және дәрігер мамандықтары тапшы

  • 7 мая 2018
  • 0

Павлодарда инженер-жобалаушы, инженер-құрастырушы, инженер-технолог, есепшілер, менеджерлер, электриктер, бағдарламалаушылар мен дәрігерлер тапшы.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Лариса Кузьменкова айтты.  

- Көктем басталған кезде маусымдық және уақытша жұмыс орындары бос тұрады, - дейді Лариса Кузьменкова. -  2018 жылдың 16-сәуірінен бастап «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері» туралы заңнама актілеріне бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Қала әкімдігі мен жұмыспен қамту бөлімінің мақсаты - республика бойынша адамдарды жұмыспен қамтуға көмектесу.  Бұл міндет жұмыс берушілер өздеріндегі бос орындар мен  лауазымдар туралы дер кезінде ақпарат берген жағдайда ғана іске асырылады. Бұған дейін заңға сәйкес жұмыс беруші  жұмыспен қамту орталығына үш жұмыс күні ішінде осындай ақпарат беруі тиіс еді. Ал, бүгінде  енгізіліп отырған жаңашылдықтың арқасында бес жұмыс күннің ішінде жазбаша түрде немесе электронды Еңбек биржасы порталы арқылы өздігінен жібере алады. Спикер 2017 жылдың қазан айынан бастап әкімдіктің жұмыспен қамту орталығы пилоттық режимде жұмыс істей бастағанын еске салды.

-  Сол кезден бері біздің жұмыс берушілер өздігінен жеке кабинет ашып, бос орындар туралы ақпарат орналастырады, - дейді ол. - Бұл өте ыңғайлы. Павлодар қаласы бойынша ғана емес, тұтастай жедел әрі кабинеттен шықпастан барлық деректерді жаңартып отырады.  Электронды сандық қолтаңба алмаған  жағдайда жазбаша түрде немесе электронды пошта арқылы орталыққа ақпарат ұсынады. Біздің кеңесшілер жаңашылдықты меңгеруге көмектесуге дайын.

 Айта кетейік, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің  28-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамту талаптарын орындамаған жағдайда жұмыс берушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты