text
Справочник кадровика

Жаңа қызмет пайда болды жұмыссыздар үшін

  • 17 мая 2018
  • 2

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілерге арналған жаңа қызметтердің іске қосылғанын мәлім етті

Енді eGov.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ, жұмыс іздеуші ретінде тіркелуге, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға 4 бағыт көзделген:

- жастар іс-тәжірибесіне жолдама алу;

- қоғамдық жұмыстарға қатысуға жолдама алу;

- әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа тұру туралы жолдама алу;  

- жұмысқа тұру туралы бағыт қағазын алу.

«Табыс әкелетін жұмысы бар болса немесе құжаттарды ұсыну кезінде "жұмысым мен табысым жоқ" деп жалған мәлімет берген пайдаланушыға бұл қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тартылады. Сондай-ақ қызмет зейнет жасындағы адамдар үшін де қолжетімсіз. Алынған қызметтер бойынша барлық ақпарат пайдаланушының Жеке кабинетінде сақталады», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Асқар Атағұла.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесінде, пайдаланушыға жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелгені туралы хабарлама келеді және жұмысқа орналасу бойынша жолдама беріледі. Жолдамаларды Халықты жұмыспен қамту орталығы электрондық форматта береді. Қызмет - тегін, ол 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында тіркелу, өтініш беру және ЭЦҚ-мен қол қою қажет.


 

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Мы в соцсетях