text
Справочник кадровика

Цифрландыру әлеуметтік-еңбек саласының Үкіметте талқыланды

  • 24 мая 2018
  • 2

Ол еңбек, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, көші-қон мәселелері бойынша 11 ақпараттық жүйені қамтиды. Бұл туралы бүгін өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында айтылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасмованың айтуынша бірыңғай ақпараттық жүйе өмір бойы туылғаннан бастап 15 миллионнан астам қазақстандықты дербес есеппен қамтамасыз етеді және барлық кезеңдерінде автоматтандырылған қызмет көрсетеді.

«Қазірде министрліктің 34 қызметінің 17-сі автоматтандырылды, 2 қызмет проактивті түрде көрсетіледі, 7 қызметті тағайындау бойынша ақпарат электронды түрде  беріледі. Биылғы жылы Министрлік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде үш ауқымды жобаны іске қосады. Бірінші –әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту.  Екінші цифрландыру жобасы - Электрондық еңбек биржасы болып табылады. Үшінші жоба - электрондық еңбек шарттарын тіркеу жүйесін енгізу», - деді министр.  

Электрондық еңбек биржасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы іске асырылған жобасы болып табылады.

Жыл басынан бері 93 мың азамат Биржада тіркелді, ал 71 мыңнан астам адам оның көмегімен жұмыс тапты. Қазіргі кезде Биржаға 199 мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының барлығы қосылып, 35 мың жұмыс беруші тіркелген, 31 мың өзекті вакансия бар.

Android базасында ЭЕБ-ның мобильді нұсқасы қолданысқа енгізілген. Ал, 1-шілдеден бастап IOS базасында ЭЕБ-ның мобильді нұсқасын енгізу жоспарланып отыр.

Электрондық форматқа көшірілетін еңбек келісімшарттары жұмыспен қамту процесін жеңілдетеді: құжаттар жинаудың қажеті жоқ, бәсекелестің жеке деректемелері автоматты түрде қалыптасады. Екіншіден, әлеуметтік сақтандыру қорларына жарналар мен салымдар жинағы жіті қадағаланады.

Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту нәтижесінде халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы төрт бағыт бойынша жетілдірілетін болады.

Сонымен, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі жеңілдейді. Төлемдердің 3 түрін тағайындау жөніндегі қызметтердің барлық спектрі бар болғаны бір өтініштің негізінде композитті түрде көрсетілетін болады.

Осылайша, төлемдердің барлық түрлері бір уақытта және бір банк шотына жүргізіледі. Ал қазіргі кезде төлемдер әртүрлі көздерден алынады және алушылардың түрлі шоттарына аударылады.

Бұл жаңалық зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың (олардың жыл сайынғы саны шамамен     120 мың адамды құрайды) шамамен 70%-ына қатысты болады.

Жаңғыртудың екінші бағыты – бұл мүгедек адамдар үшін қызмет сапасын арттыру. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін деректер негізінде мүгедектік туралы шешімді өтініш берушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, бірнеше тәуелсіз сарапшы қашықтан қабылдайтын болады.

Бұдан бөлек мүгедек адамдарға бюджеттен кепілді мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер өтініш берместен тағайындалатын болады.

Әлеуметтік қызметтерді жаңғыртудың үшінші бағыты -«Алтын алқа» немесе «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы проактивті форматта тағайындалады. Тиісті  ақпарат ресурстарынан келіп түсетін көпбалалы аналарды марапаттау туралы деректер негізінде Министрлік жәрдемақыны автоматты түрде тағайындайды.

Әлеуметтік қызметтерді жаңғыртудың төртінші бағыты бұл - жұмысынан айрылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың қолжетімділігін арттыру. Бүгінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу енді «проактивті» форматқа ауыстырылады. 

Бұл азаматқа ресми «жұмыссыз» статусы берілген кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан   әлеуметтік төлемді тағайындау автоматты түрде іске асырылады.   

«Қорыта айтқанда, барлық аталған шаралар елеулі экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни азаматтар мен мемлекет шығындары  600 млн. теңгеге дейін, бизнестің жыл сайынғы шығыны 1 млрд. теңгеге  төмендейтінін  атап өткім келеді.» -деп ойын түйіндеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.   

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Мы в соцсетях