Осы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қаңтар айынан бастап электронды еңбек биржасында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы брифинг өтті. Аталған брифингте сппикер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Әлтаев баяндама жасады.
Бүгінгі таңда ЭЕБ порталында 35 мыңға жуық бос жұмыс орындары, сондай-ақ. жұмыс берушілерден, жұмыспен қамту орталығынан, жеке агенттіктерден және жұмыс іздеушілерден 70 мыңға жуық түйіндеме орналастырылды. Электронды еңбек биржасының қызметіне 41 мың жұмыс берушілер, 133 мың жұмыс іздеушілер жүгінген. ЭЕБ арқылы 112 мың жұмыс іздеушілер жұмысқа тартылды.
2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Электронды еңбек биржасына жеке жұмыспен қамту агенттігімен 5 398 бос жұмыс орындары орналастырылды.
ОҚЫҢЫЗ:
ЭЕБ порталындағы «кері байланыс тәртібі» бөлімінде әрбір азамат техникалық мәселелер бойынша тиісті мамандармен байланысып, өздеріне қажетті ақпараттарды ала алады.
ОҚЫҢЫЗ:
Өткен жылдың бір айында порталға кірушілер саны 141,4 мыңнан асып жығылса, бір айда қарау саны -2,5 млнға жетті.
ЭЕБ даму жоспарында келесі міндеттердің іске асырылуы қарастырылуда:
- Жұмыс берушінің жеке кабинетінде болжамды бос жұмыс орындары және жұмысшыларды жұмыстан жоспарлы босату және Жұмыспен қамту орталығының онлайн режимде қабылдауы туралы ақпараттардың орналастырылуы;
- Заманауи үрдіс пен мобильді желіні пайдалануды саралай отырып, IOS пен Android операциялық жүйесіне арналған мобильді қосымшаны жетілдіру;
- Жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсинг қызметі бөлігінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара әрекеттесу;
Кітапшаларды, электронды еңбек шарттарын бірыңғай тіркеу жүйесін біріктіру